Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев үнемдесе , ай сайын бір балаға 20 мың теңге жеткізуге болатындығын айтқан еді. Алайда белгілі журналист Асхат Садырбай депутаттың бұл пікірімен келіспейді.
«-Меніңше, бір балаға 20 мың тг жеткізуге болады.. Егер: -дүкендердегі азық-түліктердің бағасы қазіргіден 3 есе немесе 4 есе арзандаса; -мектеп жасына толмаған балаларға медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек тегін болса;-киім дүкендеріндегі баға 5-6 есе арзандаса; -ет,сүт өнімдері балаларға тегін жеткізілсе;-автобус, пойыз, ұшақтарда, қоғамдық көліктерде жүру тегін болса;- балабақша, үйірмелер, спортық секциялар тегін болса;-1 долар 70 теңге болса; БҰЛ МҮМКІН ЕМЕС ДЕСЕҢІЗ, анау да МҮМКІН ЕМЕС «,-деп жазды Асхат Садырбай өзінің жеке парақшасында.