Шыңжаң аймағының байырғы тұрғындары ұйғыр этникалық топ өкілдері Қытай билігін «лагерьлерде» отырған туыстарының видеоларын интернетте жариялауға шақырды. Бұл туралы Азаттық жариялады.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары ұйғыр музыканты Абдуқамауда қайтыс болған деп хабарланған ұйғыр музыканты Абдурехим Хейиттің видеосын жариялаған еді. Кейіннен 12 ақпанда әлеуметтік желілерде #MeTooUyghur хештегімен Пекиннен туыстары жайлы ақпарат беруін талап еткен адамдардың жазбалары тарай бастады.

«Жұбайым #MuhtarRozi дереу босатылсын! Ата-анамды осы қазір босатсын, олардың тағдырына алаңдап отырмын. Олар қазір қайда? Қауіпсіз жерде ме, жоқ па?» деп жазған Стамбулда тұратын әйел Twitter әлеуметтік желісінде. «Абдурехим Хейитті көрсеткендей маған олардың видеосын көрсетіңіздер» деп талап етті.

Ресми Пекинге Шыңжаңдағы мұсылман ұйғырлар, қазақтар мен түркі тілдес өзге де этникалық азшылық өкілдеріне жүргізіп отырған саясатына байланысты халықаралық қауымдастықтың қысымы күшейіп келеді.

 

Естеріңізге сала кетсек, Түркия елі жақында ғана Қытай билігінен «саяси лагерьді» жабуын талап еткен болатын.

Пікір қосу