БҰҰ-ның Мьянма ісі бойынша комитет мүшесі Анадолу агенттігіне берген сұхбатында Мьянма армиясының рохинджалық балаларға қысым көрсеткендігін, олардың кейбіреулерін отбасынан бөліп, кейбірін тірідей өртеп жібергендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды juldyz.kz irnews.com-ке сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Мьянма ісі бойынша комитет мүшесі Кумарасвами Мьянманы қорғау жөніндегі халықаралық конференция шеңберінде берген сұхбатында Мьянма әскерлерінің рохинджа мұсылмандарына көрсеткен қорлықтары туралы тоқтала:

«Мьянма әскерлерінің рохинджа мұсылмандарына көрсеткен қылмыстары туралы куәліктер бар. Біз адам құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс жасаймыз», деді.

«Біз Мьянмадағы оқиғаға байланысты жасаған зерттеулеріміз барысында көптеген ақпараттарға қол жеткіздік. Зерттеу нәтижесінде Мьянма армиясының рохинджа жастарына және балаларына көрсеткен зорлық-зомбылықтары анықталды. Мьянма армиясының рохинджалық мұсылмандарға қарсы жасаған қылмыстары мен қысымдары туралы баяндама халықаралық сотта қаралуы тиіс»,-деді.

Пікір қосу