– Санжар, қазір шетелде жұмыс істейсіз. Өзіңізге қай жерде жұмыс істеу ұнайды?

– Әрине, өз еліңде жұмыс істегеннен артық ештеңе жоқ. Алайда Қазақстанда актерлерге берілетін қаламақы аз. Ал Ресейде, Голливудта анағұрлым жақсы жұмыс істеуге болады. Менің отбасым бар, олардың жағдайын жасауым керек. Сол себепті шетелде жұмыс істеуге тура келеді.

– Америкаға біржола көшу туралы ой болды ма?

– Біріншіден, менің ата-анам, туыстарым және отбасым осында тұрады. Мен жақындарымның бәрін біржола тастап кете алмаймын. Қанша дегенмен Америка өзге ел. Өзге елдің менталитетімен өмір сүру маған қиын болар.

– Ресейден бөлек тағы басқа да мемлекеттерден киноға түсуге ұсыныстар түсе ме?

– Қытай мен Оңтүстіккореялық фильм­дерге түссем деймін. Бірақ әлі көңіліме қонатын ұсыныстар болмай тұр.

– Болашақта тағы қандай кейіпкерді ойнағыңыз келеді?

– Мен осы уақытқа дейін бір ғана рөлді армандап келемін. Бұл Аттила рөлі. Бұйырса, осындай ұлы тұлға жайлы фильм түсірілетін болса, міндетті түрде ойнап шығар едім.Похожее изображение

– Өзіңіздің актерлік шеберлігіңізді қалай бағалайсыз?

– Осы уақытқа дейін 20-дан астам фильм­ге түсіп үлгердім. Әлі күнге дейін актерлік шеберліктен сабақ аламын. Алайда, өзім туралы айту ұят болар. Менің актерлік шеберлігімді халықтың бағалағаны дұрыс.

– Санжар, сіздің қаламақыңыз қанша? Осы уақытқа дейін ең жоғары қаламақыны қай фильм үшін алдыңыз?

– Менің шетелдегі келісімшартыма байланысты қаламақы жайлы ақпарат айтуыма болмайды. Алайда ең жоғарғы қаламақы алған фильмім жайлы айтсам ештеңе етпес. Бұл ресейлік «Защитники» фильмі болатын.Похожее изображение

– Сіз  рэп те айтатын көрінесіз. Әнші болу ойда жоқ па?

– Мен бұл туралы көп ойланып жүрмін. Киноға түсіп жүрген барлық әншілерден актерлердің есесін қайырып әнші болғым келеді. Соңғы уақытта заманауи бағытта  бейнебаян түсіргім келіп жүр. Режиссер достарым бұған қос қолдап қолдау білдіретінін айтты. Енді тек жақсы ән таңдау ғана қалды.

– Санжар, сізді үлгілі отағасы екеніңізді жақсы білеміз. Әрқашан жарыңызды қасыңызға ертіп жүресіз. Екеулеріңіздің махаббаттарыңыз ерекше сияқты. Жарыңызбен таныстығыңыз қалай болды?

– Жарыммен таныстығым өте қарапайым болды, екеуміз әлеуметтік желі арқылы таныстық. Мен Мөлдірдің суретін көріп бірден ұнатып қалдым. Сол кезде бір фильмге түсіп жүрген болатынмын. Телефонға қарауға көп мүмкіндігім бола бермеді. Соған қарамастан, Мөлдірдің әр хабарламасын асыға күттім. Одан кейін екеуміз біраз уақыт кездесіп жүрдік. Ақыры қарым-қатынасымыз тойға ұласты.

View this post on Instagram

Сегодня 4-ый год как мы женаты и 2.5 лет как мы стали родителями. Пожалуй, эта была лучшая трансформация от безбашных молодоженов, готовых сорваться в любой конец света за секунду, до родителей, которые так же готовы сорваться, но уже с маленьким человеком. Я благодарен за всё, за понимание и помощь во всем! Люблю каждый день и ценю каждую минуту! 👨‍👩‍👧 P.s. фото было сделано для @aigulkassymova_almaty Photo: @bismildin Make up: @elles_studio

A post shared by Sanjar Madi℠ (@sanjar.madi) on

 

– Үнемі шетелде іс-сапарларда жүресіз. Осыған байланысты жарыңыздың тарапынан  реніштер болмай ма?

– Иә, мен шетелде көп жүремін. Сол себептен жарыма, қызыма жеткілікті уақыт бөле алмайтын сәттерім болады. Бұған әйелім түсіністікпен қарайды. Егер бос уақытым бола қалса үйде, жақындарымның қасында болғым келеді. Скайптың бар болғаны қандай жақсы, кез-келген уақытта видео арқылы тілдесіп отырамыз. Қызымыз әлі өмірге келмеген кезде жарымды жаныма үнемі алып жүретін едім. Жұмысымнан бөлек екеуміз үйде отырмай көп саяхаттайтын едік. Ал қазір барынша баламыздың жағдайын қарастыруға тырысамыз.

– Қызыңыз дүниеге келгелі өміріңіз қаншалықты өзгерді?

– Өмірім түбегейлі өзгерді. Осы уақытқа дейін қызымсыз қалай өмір сүрдім екен деп әлі таңғаламын. Бастапқыда  әке болатынымды естігенімде бойымды «мен әке болуға дайынмын ба?» деген қорқыныш биледі. Ал қазір жұбайым шаруа­ларымен кеткенде балаға өзім қарап отыра беремін.

– Өз кейіпкерлеріңіз жайында, жобаларыңыз туралы жарыңызбен ақылдасасыздар ма?

– Әйеліммен міндетті түрде әр рөлімді ақылдасуды әдетке айналдырғанмын. Ал туыстарыммен көп ақылдаспаймын, өйткені олар маған сыни көзбен қарай алмайды. Әсіресе әжем үшін бұл өмірде менен асқан актер жоқ (күлді). Егер кадрда қандай да бір адам мені соққыға жығатын болса, әжем сол актерге жау секілді қарайды. Сол себепті әжеме тек жағымды эмоция сыйлайтын фильмдерімді көрсетемін.

– Ал әйеліңіз сізді актер ретінде қалай бағалайды?

– Менің әйелім тік мінезді, ойындағысын бүкпей айта салады. Жарым – менің ең қатал сыншым. Кейде  жарыма «айтар сындарыңды жұмсағырақ, тігісін жатқызып айтшы» деп өтінемін. Себебі қанша дегенмен, өнер адамы болғандықтан қатты сын естісем, сағым сынып қалады. Алайда жарымның шыншылдығына ризамын. Оның әр сыны менің жақсы актер болуыма септігін тигізіп жүр.Картинки по запросу Санжар Мәди

– Ең жақын адамыңыздан қатал сын естіп, ренжіп қалған кездеріңіз болмай ма?

– Мен адамға ұзақ уақыт ренжи алмаймын. Тез ашулансам да, ол ары кетсе 10 минутқа созылады. Ренжитін кездерім болады, алайда жарым реті келгенде кешірім сұрайды. Мен сынды жақсы қабылдайтындығымнан болар, жарымның әр сөзін орынды деп ойлаймын. Керісінше маған жағу үшін өтірік мақтау айтатындарды суқаным сүймейді.

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

Пікір қосу