Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында үш баласы өрттен қаза тапқан Ана жанқайын бейнежазба арқылы жеткізді. Қайғылы оқиға 9 қаңтар күні Қызылордадағы «Наурыз» саяжай участкісінде болған.  Атап өткен жерде өрт шығып, Жәмила Ибрагимқызы үш бірдей балапанынан айырылған.

Үйдегі жиһаздары өртеніп, өрт сөндірушілер 50 лиртлік газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Ал иіс тиген бүлдіршіндер ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болыпты. Қазіргі таңда ана туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек үш бөбегінен айырылған анаға жәрдемдесуге шақырды. Жәмилаға үй алып беруге қаражат жинауға көмектесуді сұрады. Алайда Жәмила Ибрагимованың өзінің үйі бар екенін айтып, қарсы пікір білдірушілер де шықты.

«Ақша жұмсайтын жағдайда емеспін. Бибігүл ханымның ақпаратынан кейін көптеген ақпараттар тарап жатыр. «Үйі бар, алып бергенбіз» деп жатыр екен. Жоқ, менің үйім жоқ. Ешкім алып берген де жоқ. Мен осыдан 5 жыл бұрын ағамнан айырылдым. Қазір сол кісінің үйінде тұрып жатырмын. Үй ағамның балаларынікі. Ал көмектесіп жүрген барлық жандарға алғысымды білдіремін. Алла разы болсын. Бірақ қанша ақша жиналса да, алтын құйылса да балаларымның орны толмайтыны анық.»,- деп мұңын шақты ана.

 

 

Пікір қосу