Ақмола облысында төрт адам құс етін өңдейтін цехте күйік шалып зардап шекті. Төрт адамның бірі сол кәсіпорын басшысы, ал үшеуі қызметкерлер, деп хабарлайды juldyz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 ақпан күні Ақмола облысы, Астрахан ауданы Новочеркаский ауылында орын тапқан. Аудан әкімі Нурлан Сейілов жәйттің мән-жайын айтты.
» «Астрахан құстары» кәсіпорыны тауық құс етін өңдеумен айналысады. Ол жерде тұрғылықты жердің тұрғындары жұмыс істейді.
Біздің анықтауымыз бойынша, цехтің іші суық болған. Ішін жылыту мақсатында 27 литрлік газ баллонын алып кірген. Соңында бұл баллонан ақау кетіп, жарылған. Алайда өрт туындамаған. Бірақ қызметкерлерді күйік шалып, зардап шеккен. Қазіргі таңда үш әйел жұмысшылар ауруханада ем қабылдауда. Олар күйіктің 2-3 дәрежесіндегі, яғни 30-35 пайыздық күйікпен түсірген. Ал кәсіпорын басшысының қолы зардап шеккен.»,- деді әкім.
Дәл қазіргі сәтте тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.