Жасөспірімдерге арналған кітаптар – ақ пен қараны ажыратуға үйрететін, мінезінің қалыптасуына септігін тигізетін, сонымен қатар фантазиясын дамытуға көмектесетін әдеби кітаптар. 12-14 жас аралығындағы балалар мектеп программа қосылған кітаптарды аса ұната бермейді. Оларды махаббат хикаясы. шытырман оқиғалар қызықтырады. Ендеше, ең үздік жасөспірімдерге арналған кітаптар тізімімен таныс болыңыздар.
1.Стивен Чбоскидің «Хорошо быть тихоней» романы.
Стивена Чбоскидің бұл еңбегі жасөспірім қыз-жігіттерге депрессиядан қалай құтылуға, жаңа мектеп пен ортаға үйренісуге және жасқаншақтықппен күресуге үйретеді.
2. Сью Таусендтің «Тайный дневник Адриана Моула» кітабы.
Бір адамның құпияларын білгіңіз келе ме? Онда міндетті түрде «Тайный дневник Адриана Моула» кітабын оқыңыз. Басты кейіпкердің басынан өткен оқиғаларын оқи отыра, ішек-сілеңіз қатып күлетініңіз анық.
3. Джек Лондонның «Мартин Иден» кітабы.
Бұл кітап қыздар мен жігіттердің өмірде кездесуі мүмкін қиыншылықтармен қалай күресуге, төтеп беруге болатындығымен бөліседі.