Астанадағы бес періштенің өлімі халықтың жүрегін ауыртып қана қоймай, үкіметке деген ашу-ызасын көрсетті. Әлеуметтік желіде халық түнгі екіде жұмыс істеуге мәжбүр болған ата-ананың жағдайына үкімет кінәлі деп отыр.
«Үкімет отставкаға кетсін түгел! Қорқақ, сужүрек, өтірікші үкіметтен шаршады халық! Бір күні Венесуэлладғыдай халық көтерілсе бәрің елден қашасыңдар. Министр көп балалы аналарға берілетін ақшаны көп санап көлгірсіп сөйлеп еді, 5 сәбиді жұтып тынды. Егер көп балалы аналардың ақшасы жеткілікті болса күндіз-түні балаларын тастап жұмыс жасамас еді. Үкімет түгел отставкаға кетсін!»- деп жазылған жазба тарап кетті. Халық бұл жазба авторын қолдап, барлығы өз парқшаларында жариялауда.