Кеше ғана лаулаған өрт 5 баланың жанын алып, бүкіл қазақстандықтардың жүрегін ауыртқан болатын. Өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көмек көрсетіліп жатыр. Ішкі істер министрі Қасымов өрттің шығу себебін айтты.

«Өрттің себебіне келер болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Өрт содан шығып отыр. Содан кейін балалар түнгі уақытта қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер 7 минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем де осы уақытта болған. Бірақ, өкінішке орай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмады», — деді Қ.Қасымов.

Министрдің сөзіне сүйенсек, елімізде қазіргі таңда дәл осындай жағдайлар аз емес. Дегенмен, жылу беру маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған бері бері өрт біршама азайды. «Ең бастысы қаза тапқандардың саны азайды. Бірақ, уланудан қаза болғандар саны 12 пайызға артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет алдын алу шараларын жүргізеді. Соңғы бірнеше айда 1,7 млн жеке үйді аралады. 4 млн адаммен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайға байланысты тағы жұмысты жандандырамыз», — деді министр.

 

 

Пікір қосу