Ресейдің онға жуық қаласында мыңдаған адамдар биліктің «қоқыспен күрес реформасына» қарсы мыңдаған адам наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады. Акцияға келген қауым қоқыс орындары мен тұрмыстық қалдық полигондарына, қоқыс жағатын зауыттарға қарсылық білдірді.
Елдің 30-дан астам өңірінде өткен акцияларда «Ресей — қоқыс төгетін орын емес» деген ұран көтерілген.
Ең үлкен наразылық шарасы Архангельск облысында өткен. Мұнда азаматтар Шиес қоқыс полигонының ашылмауын талап еткен.
Бұған дейін бұл полигонға елдің өзге өңірінен, оның ішінде Мәскеуден де қалдықтар әкелінеді деп хабарланған. Архангельск қаласындағы митингтің өзіне мыңнан астам адам келген. Кейбір жерлерде акцияға қатысқан белсенділерді ұстаған.