Испанияның Мадрид қаласында мыңдаған зейнеткер ереуілге шықты, деп хабарлайды juldyz.kz 24.kz— ке сілтеме жасап. Зейнерткерлер жоғарыда отырған биліктен зейнетақыны көтеруді талап етті. Бұған дейін Испания премьер-министрі Педро Санчес түйткілді қарастырып, зейнетақыны 6 пайызға көтеруге келіскен болатын. Алайда халық бұған мәз емес. Шаһарда зейнеткерлермен қоса такси жүргізушілері де наралық акциясын ұйымдастырған. Олар жолаушы тасымалымен айналысатын «Убер» және «Кабифай» компанияларының қызметіне қарсылығын білдіріп, биліктен оларға лицензия беруді тоқтату керек дегенді алға тартты. Шаһар көшелеріне шыққан шерушілер қозғалысты бөгеп тастады.
Хозём Мигель Фунез, такси жүргізушісі:
— Такси жүргізушілері осымен 13-рет ереуілге шығып отыр. Наразылықтарын білдіріп жатқан зейнеткерлерді де түсінуге болады. Елде тұрақты жұмыс жоқ. Сондықтан да жүргізуші болып жүрміз. Қарияларымыздың да, жастарымыздың да экономикалық жағдайы тұрақты болуы керек. Осы категория бойынша: « Австралияда әуежайды жарып жібермек болған қаскөй қолға түсті Францияда наразылық шарасы қақтығысқа ұласты »