– Бағлан аға, бұрындар «Жігіттерді» бір-бірінсіз елестете алмайтын едік. Кейінгі кездері жеке ән жазып, бөлек сахнаға шығып жүрсіздер. Бұған сіздің бір кезде «топтан кетемін» дегеніңіз себеп болып жүр ме?
– «Жігіттермен» бір сахнада өнер көрсетіп жүргенімізге 15 жыл болды. Бірақ, өзіңнің де әншілік жолыңды қалыптастырғың келеді. Кейде жігіттерге өзіңе ұнайтын әнді ұсынсаң, құп көрмей жатады. Ал, жақсы әннің халыққа жеткенін қалайсың.
Биыл «Жігіттер» квартетіне 15 жыл. Осы мерекені өткізіп алған соң, шығармашылық кеш берсем деймін. Әрине менің өнерімді бағалайтын тыңдарманым көп, солардың арқасында осыдәрежеге жеттім. Енді жеке шығармашылықпен айналысатын уақыт келген сияқты. Қызым Айқаракөз де ән айтады. Оны да халықтың алдына шығарғырып, өнердегі тұсауын кессем деймін келеді.
– Жеке репертуарыңызда қандай өзгерістер бар?
– Менің кейде бос жүріп қалатын кездерім болады. Қазір сондай бір уақытты артқа тастап, жаңа леп, қуатты қарқынмен жұмысқа кіріскелі отырмын. Әсіресе жеке шығармашылықты қолға алдым. Бірнеше әндерім дайын тұр. Бұйырса халыққа тың туындылар ұсынбақшымын.
– Соңғы уақытта, ұстаздыққа бет бұрып жатқан сияқтысыз. Осыған байланысты өнеріңіз кенжелеп қалмай ма? Тыңдармандарыңызды жоғалтып алудан қорқпайсыз ба?
– Ұстаздыққа ойламаған жерден келдім. Достарым, таныстарым «Айқаракөз» өнер орталығын ашуға ұсыныс жасағалы біраз уақыт болып еді. Бірақ мен аяқ тартып, жауапкершіліктен қашып жүргенмін. Десе де, Алла сәтін салып, орталық аяқасытнан ашылып кетті. Дәл қазір ұстаздық етуге дайын емеспін. Дегенменде, дайындалып, төселіп кетермін. Неде болса бұл жұмысқа да құлшынып кірісіп жатырмын.
– «Айқаракөзді» ашу идеясы қалай келді. Қзаір өнер адамының бәрі мектеп ашып, шәкірт тәрбиелеп кетті. Сіздің «Айқаракөзіңіз» немен ерекшеленеді?
– «Айқаракөзді» Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатқызының ұсынысымен ашып, жұмыс бастадық. Мектептің шегесін қағып, безендіру сияқты қиын жұмыстарына алаласқан жоқпын. Менікі әйтеуір басы-қасында жүріп, балаларды қабылдап, шәкірттеріммен жұмыс істеу. Менің әкем де, анам да ұзақ жыл ұстаз болған кісілер.өзімнің де мамандығым педагок. Осыдан 7-8 жыл бұрын сабақ бергім келіп, қиялдап, өзімді дәрәсханада елестететінмін. Қазір шүкір ішкі ойларым ақырыпдап жүзеге асып жатыр.
Мектептің атын «Айқаракөз» деп өзім қойдым. Болашақта «Айқаракөз» деген бренд қалыптастырғым келеді. Тағы да кішкентай балаларға, қыздарға арналған бір кәсіп бастасам деймін. Оның да аты «Айқаракөз» болады. Одан бөлек тірі дауыста орындайтын «Ай бенд» деген оншақты музыкантым да бар. Жалпы «Ай» сөзі жаныма жақын.
– Сөзіңізге қарасам Айқаракөзді қатты жақсы көретін сияқтысыз. Енді қыздарыңыз жайлы айтып берсеңіз. Отбасында қандай әкесіз?
– «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген аталы сөз бар. Балаң батыр болсын десең, өзің соған лайықты өнеге көрсетуің керек. Негізі адам тегіне тартып туады. Мысалы менің үлкен қызым–Айқаракөз де, кіші қызым – Айәдина да әнге, музыкаға бейім. Ондай өнер аналарында жоқ, демек менен дарып тұр ғой. Алла тағала олардың пешенелеріне қандай тағдыр жазғанын блмеймін. Дегенмен өзім елдің ықыласына бөленіп, тыңдарманның қошеметімен, бат-тілегімен өсіп өнгеннен кейін, қыздарымның да халықтың адамы болғанын қалаймын. «Халық қаласа хан көтереді» дейді. Кемшіліктерді де халық өзі түзеп берді.
– Өнер адамдарының басым бөлігі неге екенін кім білсін, әйтеуір, отбасын халықтың назарынан тыс ұстауға тырысады. Тіпті үйленгендерін біраз жыл жасырып жабады. Сіз ондай емес сияқтысыз…
– Әдетте отбасылы екенін айту әншілік жолыма кедергі келтіреді деп, көп ер азаматтар жұбайларын жасырып жатады. Біз ондай кезеңнен өтіп кеттік. О баста бізде жағдай басқаша болды. Әйтпесе, продюсеріміз айтса болады ғой «Жігіттер үйленіңдер, үй-жай болыңдар, бірақ, әйелдеріңді, отбасыларыңды көрсетпеңдер. Тыңдарманымызды жоғалтып аламыз» деп. жоқ олай айтпады. Егер біз де сол уақытта отбасымызды білдірмей бес алты жыл жасырсақ, қаражат жағынан да, танымалдылық, атақ жағынан да қазіргіден де артық болар ма едік. Бірақ құдайдың бергенін елден жасыру жағын ойламаппыз.
Анам бір тәуліктің төрт сағаты ояу, қалған уақытта ұйқтайды
– Сіздің балалық шағыңызбен салыстырғанда қазіргі балаларға не жетпейді деп ойлайсыз?
– Мен өте сотқар болдым (күлді). Күндіз түні ұйқтамай асық-ойнайтын едім, кезекпен қой бағып, көкпарға, бәйгеге қатысып өстім. Үш жарым жасымда біз Кешетас деген ауылда тұрдық. Бір күні үйден тамақ ішіп шықсам көршінің үйінде антена күйдіріп жатыр екен. Мұны көрдім де жүгіріп қызыл трактордың қасына бардым. Ары-бері қызықтап айналып қарадым. Содан соң балалық қызығушылықпен трактордың айналып тұрған вентиляторына саусағымды тигізіп қалдым, вентилятор саусағымды талқандап кетті. Сөйтіп, әке-шешем жанұшырып ауданның ауыруханасына алып барды, дәрігер төрт саусағымды жұдырық қып орап тастады. Онан кейін, Серік Ибрагимұлы деген хирург бөлеммен хабарласып, Шымкентке келдік. Ол кісі сауасақтарымды ашып, мынандай саусақ қылып (қолын көрсетіп) тігіп берді. Байқасаң әлі де қисық (күлді). Бұрын мектепте домбыра үйреніп жүрген кезде саусақтарымнан ұялатынмын. Туған күндерде «көрсетші қалай тартып жатырсың» десе көрсеткім келмейтін. Аудандық сахналарда домбырамен ән айтып жүргенде көрінбесін деп, қолымды матамен байлап тасатайтынмын. Кейін 12 жасымда ота жасаймыз дедік те жасамадық, осы күйінде қалды.
Ал, бүгіннің балалары басқаша. Оларға әке-шешенің уақыты жетпейді. Әсіресе қазіргі балаларға ауылдағы қариялардың, көршілердің бауырмашылдығы, солардың жазылмаған тәрбие заңдылықтары керек сияқты.
– Осыдан біраз уақыт бұрын анаңыз ауырып, жақындарыңыз, тыңдармандарыңыз уайымдап, тілеуін тіледі. Қазір ол кісінің жағдайы қалай?
– Анам қазір үйде. Бір тәуліктің төрт сағаты ояу қалған уақытта ұйқтайды. Алматыдағы 1-ауыруханаға оңалту орталығына алып келіп, отасын жасаттық. Қазір басында сары су бар. Сол сары су миын қысып, өз-өзіне әлі толық келе алмай жатыр. Аяқ-қолдары аса бір қатты қимылдамайды. Тек жатады. Өзіміз жаттығуларын жасатып, әңгімеге тартып, көңілін аулап жүрміз. Мамандардың айтуынша көп уақыт керек. Бәріне шыдаймыз. Үш инсульт алды. Осындай сынақтан аман өткеніне шүкір деп отырмыз. Жақсы мамандар таппай жатырмыз. Мүмкін толық жазылып кетер ме еді.
– Пікір айтуға келгенде ішіңізге жасырып қалуды білмейсіз. Ойыңыздағыны ашық жеткізесіз. Еркеш Қасен, 91-тобы, Төреғали Төрәлі сынды өнер адамдары сіздің тарапыңыздан сынға ұшырады. Олардан жауап болды ма? Өзіңіз сынды қалай қабылдайсыз?
– Өзім сынды қабылдай алатын болған соң, өзгеге сын айтамын. Менің айтып отырғаным қате емес. Бірақ, мен айтты екен деп олар жүрістерін түбегейлі өзгерте қоймас. Дегенмен де келесі жолы ескерер. Өйткені бәрі тәрбие көрген, оқыған-тоқыған жігіттер. Қазіргі заманға сай хайп қуып жүрген болар. Діттеген мақсатына жетсін. Бірақ, ол мақсатқа жету үшін де салихалы қадам жасауға болады. Бқл өзі өнердің заңы. Сондықтан олардың мұндай қадамдары ұзаққа созылмайды.
– Сонау 2014 жылдары «Чемпион» жобасында жеңіске жеттіңіз. Қазір спортпен айналысып жүрсіз бе?
– Қазір де спортқа деген құлшынысым жақсы. Тукешов Жалғас деген жігіт промоутерллік компания ашып, жігіттердің басын қосып, жарыс ұйымдастырып жүр. Анда-санда инстаграмға мені бәйгеге қоссаңшы деп жазып қоямын. Әрине, шаршы алаңға күшім асып-тасып, төбелес құмарлықтан шыққым келіп тұрған жоқ. Спорт – өмірлік ұстанымыңды, тәртібіңді жүйеге келтіруге, бірқалыпты өмір сүруге бейімдейді. Қазір спорт залына аптасына бір-екі рет, кейде айына бір-екі рет барып тұрамын, нақты тәртіп жоқ.
– Байқауымша қайырымдылық танытып, қолыңыздан келгенше халыққа көмектеседі екенсіз. Көмек сұрайтындар көп пе?
– Көңілім жұмсақ. Кейбір әсерлі сәттерде көзіме жас тез үйіріледі. Көмек сұрап инстаграмнан жазатындар көп. Қаражат керек, көмек керек деп. Қолымнан келгенше көмектесемін. Бірақ ешқайсысын жарнамаламаймын. Алла тағала кімнің басына ауыртпалық берсе, оның артынан жеңілгі болады.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ