Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның қызы Венера тұрмысқа шықты.  Бұл туралы zakon.kz хабарлады

Венераның жолдасы 22 жастағы Дален Чайжунусов. Дален Алматыда туып-өскен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Венера — студент, қоғаммен байланыс және өнер саласында білім алуда, анасы Дариға Назарбаеваның қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысады.

Жас жұбайлардың жақын достарының сөзінше, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан.

Үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің бал залында өтті. Салтанатты рәсімге отбасының жақын туыстары мен достары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Бірінші Ханымы жастарға ақ баталарын беріп, ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.Картинки по запросу дариги назарбаеваның қызы тұрмыс құрды

Айта кету керек, той қазақтың салт-дәстүрлеріне сай өтті.

Тойдың ас мәзірінде ұлттық тағамдармен қатар, еуропалық тағамдар да болды. Ал кештің сәнін отандық әншілер кіргізді.

Жастарды құттықтауға Дариға Назарбаеваның ескі досы және шығармашылық серіктесі, Филип Киркоров келді.

Пікір қосу