Баян Мақсатқызының кіші қызы Айару Бақытбек желі қолданушылардың сынының астында қалды. 14 жастағы Айару өзінің әлеуметтік парақшасына шомылуға арналған киімімен суретін жариялаған болатынды. Бұл суретті көрген көпшілік «ашық-шашық киінген» деп пікір білдірген.
«Анасының абыройына нұқсан келетін іс. Өте ұят», «Мұндай суретіңізді жариялауға сізге әлі ерте. Көптеген еркек сізді қалайтынын жазған. Бұл дұрыс па?», «Алма алма ағашынан алысқа түсіпейді», «Барлық еркекке тәнін көрсеткені қыздың тарапынан дұрыс емес. Қыз «жұмбақ» болуы керек», – деп жазды желі қолданушылары.
Тіпті, пікір қалдырған ер адамдардың көпшілігі 14 жастағы Айаруға «сені қалаймын» деп жазған.
Алайда, «бұл суретте тұрған ештеңе жоқ. Сендер тек қызғанып жатырсыңдар» деп Айаруды қолдаған да оқырмандары бар.