Баян Алагөзовамен дауласқан Меруерт Түсіпбаева енді тележүргізуші Динара Сәтжанды сынауға көшті.

«Мен танитын орыстардың көбі қазақша тым жақсы сөйлейді. Мая Веронская, Ольга Спирина… Пәле өзімізде. «Мен қазақша білемін. Бірақ орыс тілі арқылы танымал болдым» деді Динара Сәтжан. Сонда ол білсе неге сөйлемейді? Оған еліктейтін жас қыздарға қандай үлгі береді? Асылы Осман айтқандай, қазақтың наны тәтті, тілі ащы ма», – деді әнші желідегі жазбасында.

Айта кетейік, әнші бұған дейін Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынаған болатын. Ол Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті. Тіпті, ақшаны қайтарса өзі отандық сериалды түсіретінін айтқан болатын.

Пікір қосу