«Дара жол” бағдарламасының дара жүргізушісі Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атағына ие болды. Бұл туралы Ұлттық арнаның парақшасында бөлісті.

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ» ҰЛТТЫҚ ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Бүгін, 3 ақпан күні Астанада «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері анықталды. Салтанатты шарада «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Жыл жаңалығы», ал, осы арнадағы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт «Үздік тележүргізуші» атағына ие болды.»- деп жазды Ұлттық арнаның әлеуметтік парақшасында

Пікір қосу