Танымал кино және театр әртісі Азамат Сатыбалды туған күн кештерде жастардың «тортты» бетіне жағып құттықтауын ерсі деп, сынап тастады. «Соңғы кезде,туған күні болған адамның бетіне торт басу деген шығыпты. Бұл енді кесірлік. Ойланыңдар адамдар…Сонау 32-37 жыл аралығында ашаршылықтан өлген қандастарымыз торт емес бір үзім нанға зар болып кеткен. Аштықтың қинағаны соншалық адамның етін жегендер де бар. Қамауда отырған Алиxан Бөкейxановтың арxивте сақталған xатында «бүгін оразаның пәленшесінші күні, аузымды ашатын ештеңе болмаған соң сумен ашып, сумен аузымды бекіттім» деп жазған екен. Осындай арыстарымыздың ұрпақтары нанмен ойнап жүргені қалай??????
Қанша аға апаларымыз бір үзім нан үшін өліп кетті.
Қанша қандастарымыз бір тойып тамақ жемей өмірден өтті.
Соғыс кезінде аналарымыз бидайды қуырып балаларын асыраған және сол қырманнан алған бір уыс бидай үшін атылған,ал түрмеге отырғаны қаншама…..
Болашақ ұрпағымыз нанмен ойнасын деп бабаларымыз жанын қиған жоқ шығар…..
Кесір ұрып кетпесін бізді бауырларым. Астан аттамайық, нанмен ойнамайық.
Қарнымыз тоқ, қайғымыз жоқ болғандықтан ғой өстіп есіріп жүргеніміз. Аш болсаңдар көрер едім бетке торт басқандарыңды. Қайран тоқшылық….
Аш адамның алдында тойып тамақ жегенің, ал кедейдің алдында байлығың туралы сөз қозғама деген атам қазақ.
Астамшылықтан АЛЛА бізді сақтасын. Ысырап жасамайық ағайын. Еліміз аман,бейбіт күніміз баянды болғай.🙏🙏🙏🙏 🙏🙏🙏
Мен сені мәңгі сүйіп өтемін Қазақ елі.» -деп жазды актер.

Пікір қосу