Тунистегі әлемдік Гран- При дода да қазақстандық дзюдоист Ислам Бозбаев қоржынымызды «алтынмен» толықтырды. Ислам Бозбаев додаға 90 кг салмақ категориясымен қатысып, финалда венгриялық Кристиана Тотты жеңді. Бұл дзюдоисттің Гран-при сайысындағы екінші «алтыны». Бозбаев бірінші «алтын» жүлдесін 2013 жылы Алматыда өткен Гран-при додасында иеленген болатын.

Ескере кетсек, күні кеше ғана 73 килограм салмақ категориясымен дзюдоист Жансай Смағұлов «алтын» медалін қанжығасына байлаған еді.

Пікір қосу