Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова білім ордаларындағы үштілді білім беру жүйесі туралы өзінің сыни көзқарасын айтып кетті.
«Астана қаласындағы лицейдің бірінде ағылшын тілінде биология пәнінен ашық сабақ өтті. Мұғалімнің өзі ағылшынша ежіктеп, қағазға қарап оқып тұр. Сыныптағы 30 оқушының арасынан ағылшын тілін білетін 5 оқушыны арнайы дайындап қойған. Бәрі білім үшін емес, тек ашық сабақты әдемілеп өткізу үшін. Мұндай қарқынмен біз дами алмаймыз. Жауапкершілікті сезінбесек, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясында, оған кеткен қаражатты да ақтай алмаймыз.»-, деді депутат.
«Ертең құзыретті орган тағы бір бағдарлама шығарады және оғанда қаражат құяды. Ал, біз кері шегінгенді үнатпаймыз, қателікті де мойындамаймыз.»-, деді Ирина Смирнова
2016-2017 жыл арасындағы үштілді білім беру бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 11 миллиард қаржы бөлінген. 2018-2020 жылдарға 19 миллиард қаражат қарасытырылуда.
«Егерде оқытушының өзі ағылшын тілінде ойлау тұрмақ, сабақты түсіндіре алмаса бағдарлама сәтсіздікке ұшырайды. Билогия, химия, физика секілді пәндерді, тіпті, өз ана тілінде барлық бала меңгеріп кете алмайды. Ал сыныптың 10-15% ғана ағылшын тілін түсінеді. Сонда қалған оқушылар не істейді?»-деп айтты депутат.
Оте дурыс