Белгілі әнші Ернар Айдардың жақында ғана шаңырақ көтергендігін қазақстандықтарға мәлім. Тойға жиналған әріптестерінен той суреттерін өшіруді талап етіп, жасырғысы келген әнші, енді неке жүзігін тағудан бас тартатындығын мәлімдеді. Үйленген адам екендігінің белгісі ретінде саналатын жүзіктің отбасылыққа бақытқа еш байланысы жоқ деп есептейді екен.
«Тақпаймын. Жүзікпен емес жүрекпен біргеміз. Біздің үйде ағаларым да жүзік тақпайды. Оған байланысты емес бәрі», — деді Ернар Айдар.