Уругвай астанасы Монтевидеода 17-16 қыркүйекте жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. 14жасқа дейінгі қыздар арасындағы алтын медальды үндістандық Джишита Ди жеңіп алса, күмісті ресейлік Бибісара Асаубаева ұтып алды. Қола тағы бір ресейлік спортшы Елизавета Соложенкинаға бұйырды. Бибісара 2004 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақстан атынан шыққанда 4-рет әлем чемпионы атанған. Әлемдегі үздік 50 шахматшының тізіміне енген. Әлем құрамасы сапына шақыртылған талант. 2016 жылдан бері Ресейдің құрамасына өткен. Қазір РФ Химки қаласында тұрады.
Өз тілшіміз