Көпшіліктің көңілінен шыққан «Болайық бірге» әні үшінші рет орындаушысын ауыстырды.
Қуандық Рахыммен алғаш дуэтте осы әнді орындап шыққан, тәтті үнімен бірден көптеген тыңдармандарды баурап алған студент Гаухар Сардарбек болса, кейіннен Альбина Шардароваған бұйырған еді. Бүгінде Г.Сардарбек әнші Қосқанат Көпжасарұлымен бірге ән шырқап жүрсе, Альбина да жеке орындаушылықпен айналысып жүр.
Кеше Қуандық Рахым мен Ерке Есмаханның әнсапары Ақтау қаласына жетті. Сонда қос әнші «Болайық бірге» әнін бірге шырқады.
Ерке Есмахан:
Орындаушысыз қалған «xит әнді» Қуандық бірге орындауға ұсыныс жасап, енді міне концерттерде бірге шырқап, жандырып жүрген жәйіміз бар! 💃🕺 Халықтың ықыласы ерекше! 🙏
Менің ән-қоржыныма осындай әдемі ән енгеніне өте-мөте қуаныштымын! Раxмет саған, Дав!