Жақында ғана әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, әншінің үшінші жолдасының тегіне өткенін де мәлімдеген болатынбыз. Juldyz.kz назарларыңызға «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді ұсынады.

Рауан ДӘУЛЕТОВ , әнші А.Керімбекованың күйеуі:

Ақботаны ел біледі, ел таниды, ел алдында жүрген қазақтың маңдайына біткен әншісі ғой. Әңгіме болуы да керек. Әркімнің пікірі бар. Оқып қаламыз кейде: аузына келгенін,  ойына келгенін айта салатындар бар. Бірақ ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұл тойда өткізген себебіміз: қазақтың маңдайына біткен Ақботасын бақытты қылайықшы деген ой ғой. Неге өткізбеске?! Ботаға айтқанмын мен «Фата» киіп алшы» деп. Көп азаматтар мен азаматшалар ойларына келгені айтып жатыр ғой. Бірақ мен өз қалағанымды істеп жатырмын және істеймін да. Бота қарсы болған басында. Той өткізбей-ақ қояйықшы деп. Халық шулайды деп. Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы, жақсы болады да.

Пікір қосу