Əбсаттар қажы Дербісəлінің 70 жылдық мерей тойына арналған деректі фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
15-қыркүйек филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің туған күні. Ол 50 жылдан аса білім саласында аянбай тер төккен.
Алғаш рет 1989 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінде «Шығыстану» факультетін ашты. Осылайша тұңғыш рет «парсы», «қытай», «жапон», «корей» тілдері мамандықтары ашылып, кафедралар құрылды. Ғалым сондай-ақ, еліміздің шетелдермен қарым-қатынасын жолға қоюға да үлес қосты. Ә.Дербісәлі Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші, Қазақстан мұсылмандары діни бақармасының төрағасы, Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Әбсаттар Бағыспайұлы қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік тілдерінде жарық көрген 40-қа жуық кітап пен 800-ге дейін ғылыми мақаланың авторы.