Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0,20КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) қыркүйек айындағы жаңартылған рейтингінде үздік үштіктен көрінді. Жаңартылған рейтингте Қанат бірінші орта салмақта 4 сатыға көтеріліп, 3 орынға жайғасты. Ал ресейлік боксшы Магмод Курбонов және украиналық Лиам Уильямс бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Қанаттан жеңіліс тапқан Брэндон Кук ТОП-15 рейтингінен шығып қалды.

Айта кетейік, 9 қыркүйек ЭКСПО аясында Астана қаласында өткен бокс кешінде Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Дереккөз: inform.kz

 

Пікір қосу