Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов хиджап үшін мектептен қалып жүрген өңірдегі оқушылар жайлы айтты. Өңір басшысының сөзіне сенсек жуық арада бұл мәселе шешемін таппақ екен. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Маңғыстау облысында басына орамал тапқаны үшін мектепке 85 оқушы қыз жіберілмеген. Қазір оның 55-і мектеп формасына сәйкес киініп сабақтарына барып жүр екен. Маңғыстау облысының басшысы мәселені мәміле табу арқылу шешу керек дейді. Біріншіден барлық адам Қазақстанның заңына бағынуы тиіс. Екіншіден баланың құқығын сақтау қажеттігінде айтады әкім Е.Тоғжанов. Әкімнің сөзіне қарағанда бұл мәселе тек Жаңаөзен қаласында ғана емес екен. Жаңаөзенде 61 оқушы мектеп формасына сай киінбегендіктен мектепке жіберілмесе, қазір олардың саны қысқарып 17-ге түсіпті.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-ры Жаңаөзенде бастауыш сыныпта оқитын 60 оқушы хиджап кигені үшін мектепке кіргіргізілмей жатқанын хабарлаған.