WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Г. Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес тағы да бір жекпе-жек өткізкге келіссөз жүргізбек. Егер бәрі де ойдағыдай болса реванштық кездесу келесі жылға жоспарланбақ. Бқл туралы juldyz.kz AllBoxing сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Golden Boy Promotions президенті Э. Гоместің айтуынша ол Оскар Де ла Хоеймен бірнеше рет сөйлескен. Реванштық жекпе-жектің өтуіне екі жақта мүделі. Тек келісу керек дейді Э. Гомес. Г. Головкинның промоутері Том Лефферде келіссөз жүргізуге дайын екен. Том қос боксшы арасында жекпе-жек болатын болса, оны 2018 жылдың мамырында өткізу керек деп ойлайды. Т. Лиффер егер «Канело» біз айтқан уақытқа келіспесе күте алмайтындарын жеткізді. Бұған дейін қазақ боксшысы ринге енді желтоқсан айында шығатынын айтқан болатын. WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс GGG шаршы алаңда кездесуге ынталы екенін білдірген еді.