Президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кезекті фильм түсіруге бюджеттен бір миллиардқа жуық теңге бөлінетін болды. Бұл мәжілісте 2018-2020 жылғы республикалық бюджетті таныстыру кезінде белгілі болды. Бұл туралы juldyz.kz livejournal.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кезекті кино туындының аты «В эпицентре мира».Бұл «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болады екен. Бастапқыда бұл кино туындыға жарты млрд. теңге бөлмек болған. Алайда, бұл бөлінген қаржы сынға ілігіп, қаржы мөлшері артқан. Президент жайлы фильм үшін 600 млн. 2018 жылы бөлінсе, қалған ақша 2019 жылғы бюджеттен қарастырылған. Бұл қаражат тұтас циклге арналған.
Осы жылғы ұлттық кино өндірісіне 6,7 млрд. теңге қарастырылған. 2018 жылы 5,7 млрд. 2019 жылы 1млрд. болса, 2020 жылға 800 млн. бөлу жоспарланып отыр екен.