Тамыз айының аяғында әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің парақшасында жұбайымен түскен суреттерін, тойдың видеоларын, Арыстан екеуінің бақытты шақтарын тегіс өшіріп тастаған. Тез байқағыш фанаттар оның парақшасына «күйеумен ажырасып кетіпті» деген сыңайдағы пікірлер қалдырған болатын. Бұл сөздің рас-өтірігі белгілі болды. Бұл туралы Juldyz.kz хабарлайды.
Әнші gakku арнасынан көрсетілетін «Follow Wars» бағдарламасында анонимнің қойған сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, жоғарыдағы қауесетке де нүкте қойғандай болды.
«МС Сайлаубек күйеуі ма?» деген сұраққа әнші былай жауап берді:
«МС Сайлаубектің шашы бар ғой, менікі таз ғой (күліп).Ну вообще мне говорили что мен шалға тидім, так что мой – шал, а Сайлаубек – парнишка».
Сондай-ақ, хабардың осы 11-қыркүйек күнгі шығарылымында әншінің қолында неке жүзігі бар. Демек, осы уақытқа дейінгі ажырасып кету туралы ақпарат – қауесет болып шықты.