Әлемге әйгілі қазақ боксшысы Генадий Головкинның әйелі босанды. Бұл жолы Алина Головкина дүниеге қыз бала алып келген. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Даңқты боксшының отбасындағы жақсы жаңалықты экс-депутат Мұхтар Тініккев әлеуметтік желіде бөліскен. Қыркүйек айының басында ғана Гена француздық «L»Equipe»-ке сұхбатында әйелінің аяғы ауыр екенін айтқан болатын. 7 маусым күні 35 жастағы боксшы отбасын құрғанына 10 жыл болғандығын атап өткен. GGG -дің әйелі де Қарағанды қаласының тумасы. Алина екеу үйленердің алдында жеті жыл жүрген. Екі бірдей жоғарғы оқу орнын аяқтаған. 2009 жылы чемпиоға Вадим есімді ұл туып берген. 8 жасар Вадим хоккей спортымен айналысады.