Журналист Сәкен Сыбанбайдың фейсбук парақшасынан:
Мынадай «қызықты» естідіңіздер ме? «Бес күндік оқу жүйесіне көшкендіктен тек сол бес оқу күні ғана көрсетілген, жаңадан шыққан күнделіктерді пайдаланыңдар» деп шарт қойыпты мектепте оқитын қызыма. Ал ондай күнделікті ата-аналар бүкіл Алматыны айналып, таппай жүр. «Аптаның алты күні көрсетілген бұрынғы күнделіктерді пайдалана берсеңдер қайтеді? Сенбісі толтырылмай бос тұра береді ғой!» десем, қызым иығын қиқаң еткізеді: «Мен қайдан білейін»…
Білім саласындағы былықтарға күйіне-күйіне жүйкемізді жұқарттық… Күле-күле ішегіміз түйілді… Біресе күйіп-пісіп, біресе күле берген адам түбі жынданады… Сақ болайық.