Мың сұлудың арманына айналған, бүгінде өзінің әуезді әндерімен өз тыңдармандарын тапқан жас әнші Ернар Айдар шаңырақ көтерді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Қазақ эстрадасындағы бойдақ әнші жігіттердің саны бірге кеміді. «Күнім, сен сөнбеші» деп талай жанның көзіне жас келтірген әнші енді бойдақ емес. 28 тамызда Тараз қаласында дүркіреп той жасалынды. Ал бас сурет Ернардың қалыңдығының ұзату тойында түсірілген.