Оңтүстік Қазақстан облысында өткен тамыз конференциясында үш ұстазға пәтердің кілті беріліп, педагогктардың жиыны жақсы сый-сияпатпен басталды. Бұл туралы juldyz.kz Оңтүстік Қазақстан облысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов биылғы жылы мектепке баратын балалар санының артқанын айтты. 2017-2018 жаңа оқу жылына 640 мыңға жуық оқушы мектепке келеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 мыңға өскен. Сондай-ақ өңірде былтыр 33 мыңға жуық түлек мектепті аяқтаса, биыл білім ордаларына 73 мыңнан аса жас бүлдіршін енеді. 2016 жылы апатты жағдайда және үш аусымда сабақ берген 43 мектеп болыпты. Биыл оның 20-сының құрлысы тапсырылған. Қалған 23-нің құрлысы 2018-2019 ж.ж аяқталады деп жоспарланып тұр екен. Бала бақшаға кезекте тұрғандардың саны азайғанымен, кезектегілердің қатары әлі де сейілмеген. Әлі де бала бақша кезегінде тұрғандар саны 28 мың. Бұрын 43 мың болған деген дерек бар. Облыс бойынша 1036 мектеп тіркелген. Онда 69 мыңнана аса ұстаздар сабақ береді. Білім басқармасының басшысының айтуынша, демографиясы дамыған аймаққа тағы да 200-ден аса мектеп керек.