Қазақстанның орыстар көбірек қоныстанған өңірлеріне айрықша статус беру керек. Бұл туралы ресейлік тарихшы Г. Миронов сепаратистік бағыттағы novorosinform- сайтында айтқан. Ресми Астана қазақыландыру саясатын жүргізіп отыр деген тарихшы өңірлер өз билігін қолдарына алу керек деп есептейді. Сондай-ақ Назарбаев билігінің дәуірі аяқталғанда не болады деген мәселеге тоқталыпты. Мироновтың пікірінше, Қазақстан билігі орыс сепаратизімінен қорқады. Сол үшін де өзге елдерден оралмандарды шақыруда. Және орыстар азайса қазақтардың мемлекеттік мәселесі шешілмейді.Қазақстаннан орыстар кетсе қазақ даласынан өркениен пен мәдениет кетеді. Соғыс болады деп болжам да жасаған. Біз өз тарапымыздан оқырмандарымызға ресейлік тарихшының кейбір пікірлерін аударып беруді жөн көрдік.
Григорий Миронов, тарих ғылымдарының кандидаты: Жетісу, Жайықтың айналасы, Рудалы Алтай мен оңтүстік Сібір орыстың жері
Ресми Астана Қазақстанда тұрып жатқан орыстарды мойындағысы келмейді. Ол жерде орыстар өз ата қоныстарында мекендейді. Бір кездері коммунисттер казактардың жерін қазақтарға ауылшаруашылығына пайдалану үшін бере салған. Қазақстандағы орыс жерлері: Жетісу, казактардың Жайық маңындағы даласы, Рудалы Алтай және оңтүстік Сібір. Әлі күнге дейін ол өңірлерде европалық ұлттар өмір сүреді. Қазақстан орыс тілділердің құқығын шектеу саясатын жалғастырып, жасырын түрде қазақыландыру процесін мемлекеттік деңгейде қолға алған. Латын графикасына өту. Болашақта моноэтникалық мемлекет қалыптастыру үшін барлығы да жасалынып жатыр. Алайда, одан жағдай одан бетер ушығады. Қазірдің өзінде осындай саясаттан бір-біріне жауласқан екі қауым пайда болды. Олар орыстар және басқа да (белорустар,немістер, поляктар) қазақ тілін үйренгісі келмейтін этникалық топ өкілдері. Бұл топқа орыс тілді қазақтарда қосылған. Екіншілер «мамбет» деп аталатындар мен оралмандар. Тағы да бір қазақыландыру мен исламизация процесі жүретін болса мәселе шиеленісіп кетуі мүмкін.
Көптеген сарапшылардың пікірінше Қазақстанды федерализациялау арқылы мемлекетті ыдыраудан құтқарып қалуға болады. Бұл іс Назарбаев билігінің дәуірі аяқталғанда жүзеге асуы тиіс. Орыс-қазақ тілді мемлекет боп, канадалық үлгіні ұстанғанда Қазақстан қазіргі шекараларын сақтай алады. Бұл мәселеде орыс тілділердің құқығы заң аясында тапталған Украина мысал бола алады. Яғни Қазақстан өз ұстанымынан бас тартпаса ТМД аумағында тағы бір «шиеленіс нүктесі» пайда болады. Бірақ та ресми Астана неге екені, украиндық сценариймен келе жатыр. Не үшін?
«Новороссия» ақапараттық агенттігі