Бүгін Астана қаласында «Астана» футбол клубы мен шотландтық «Селтик» командасының арасында чемпиондар Лигасының плей-офф ойыны өтеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Аталмыш екі футбол командаларының арасындағы алғашқы ойын Глазго қаласында өтіп, астаналық командамыз «Селтик» командасына 5:0 есебімен есе жіберіп алды. Бүгінгі шешуші ойынның нәтижесі кешке белгілі болады. Кездесу 21:30-да (Астана уақытымен) болады.
Вести-дің хабарлауынша, Астананың жеңісіне 100мың теңге тігілген.

Пікір қосу