Ұялы телефон адам денсаулығына зиян тигізіп қана қоймай, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін!

Бүгінде технология дамыған сайын күнделікті өмірімізде ұялы телефонды пайдаланланбау мүмкін емес. Қайда барсақта қолымыздан тастамаймыз. Үйге ұмытып кеткен жағдай да бір нәрсе жетпей тұрғандай болады.


Күндіз-түні өшірмейміз. Ұйықтағанда жастығымыздың астында я болмаса қасымызда жатады. Бұл денсаулыққа өте зиян. Ол жайында толық білгіңіз келсе біздің мақаланы оқыңыз.

Гаджетті хабарласуға, бизнеске, ғаламторға кіру үшін пайдаланамыз. Тіпті қаржылық операциялар пен түрлі төлемдерді де жасай аламыз. Көбіміз бұл пайдалы һәм ыңғайлы құрылғысыз өмір сүре алмаймыз.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 60 пайызы телефондарын әжетханада отырғанда да пайдаланатын айтқан. Негізі смартфондардан зиянды сәулелер бөлінеді. Мамандардың айтуынша, телефондар ұйқыда жатқан адамнан 1 метр қашықтықта болуы тиіс.

Кейбір адамдар соткасын тоққа қосып, жастығынынң астына сүңгіте салады. Осыдан сақ болу керек. Өйткені, көп адамдар беттерін, қолдарын күйдіріп алған. Сондықтан да телефонды тумбочка үстіне я болмаса жастығыңыздың астына қою қауіпті. Одан ұйқысыздық, шошып ояну, бас ауруы, күйгелектік, жүрек аурулары мен диабетке шалдығуыңыз мүмкін.
Бұлардың алдын алу үшін мынандай кеңестер береміз:
1. Қоңырауларды азайтып, көп сөйлеспеуге тырысу керек
2. Телефоныңызды пайдаланбаған кезде ұшақта режиміне қосыңыз
3. Ұйықтағанда телефон қасыңызда болмасын
4. Қоңырау шалғанда арнайы гарнитура арқылы я болмаса дыбысты күшейтіп жауап беріңіз
5. Барынша телефонды алыс ұстаңыз. Ваннаға, ас үйге өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз
6. Үйдегі басқа электронды құрылғылардың да денсаулығыңызға зиян екенін ұмытпағыз
7. Теледидар мен компьютердің бөлмеңізде тұрмағаны жөн
8. Егер бар болса, жатарда міндетті түрде өшіріп тастаңыз
9. Ұйықтар кезде вайфайдың роутерін өшіріп, телефон экранына қарамаңыз

Пікір қосу