Ресей туристер үшін танымал Сладкое көлін көрші орналасқан Қазақстанға бергенін жоққа шығарады.
«Көлдің бір бөлігі біздікі. Әрі қарай шекарадан өтеді. Мемлекеттің бір тілімін өзгеге беру мүмкін бе?» ,- дейді Новосібір облысының ресми өкілі Андрей Панферов «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында.

Қазақстан мен Ресей шекарасы осы көл арқылы өтеді. BBC-дің таратқан ақпараты бойынша, Купин ауданының әкімшілігі өздерінің ресми сайтында «Сладкое көлі енді Қазақстандыкі» деген хабарды жариялағаннан кейін, БАҚ-та түсінбеушілік болған. Онда туристер мен қала тұрғындарына шекара тәртібін бұзбауын, демаркация туралы шешімнен кейін көлдің толығымен Қазақстан аумағына өткені жазылған.

Андрей Панферов ақпараттан қате кетінін айтады. Кейін бұл хабарды өшіріп тастаған. Ресейдегі Қазақстан елшілігі де шекара мәселесі қайта қаралмағанын айтады.

Дереккөз: centralasian

Пікір қосу