Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрт сенаторды тағайындады. Бұл туралы juldyz.kz ел басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының жарлығымен сенат депутаттары Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Людмила Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтады. Олардың орнына сенат қабырғасына Сәуле Айтбаева, Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов пен ғарышкер Талғат Мұсабаев келді.