«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымы түсірілетін болады. Түсірілім жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады. Бұл туралы   juldyz.kz хабарлайды.

Бұл жақсы жаңалықты бүгін «Қазақфильм» киностудиясында өткен баспасөз жиынында  «Алмас қылыш» фильмі мен «Қазақ хандығы» сериалының режиссері Рүстем Әбдіраш айтты. «Сериалдың екінші кезеңі «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деп аталады. Екінші маусымда Сығанақ үшін болған күрес көрсетіліп, Жәнібек билікке келеді. Каритина Хақназардың дүниеге келуімен аяқталады. Бұл сериалдың  негізгі түсірілімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсіріледі. Режиссердың айтуынша, Қапшағайдағы қалпына келтірілген «Сығанақ» қаласы мен Жамбыл облысының Құлан ауылы маңында, Айша бибі, Әзірет Сұлтан басында жұмыстар жүреді. Сондай-ақ,  Ұлытаудағы Жошы ханның мазарында да  бірқатар эпизодтар түсіріледі екен.

 

Пікір қосу