Шымкент қаласында юбка киген ер азамат 10 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық соты алдында наразылығын білдірді. Бұл туралы juldyz.kz centralasian сілтеме жасап хабарлайды.
Өзінің аты-жөнін атамауын, түрін көрсетпеуін сұраған 30 жастағы ер азаматтың айтуынша, осындай наразылық акциясын өткізуге жергілікті судьялар жіберген қателік түрткі болған. Сот үкімінің бірінде оны «азаматша» деп атаса, екіншісінде оның тұрғылықты мекені дұрыс көрсетілмеген. Облыстық судья Мұхтар Кәрімов оның хатына жауап берілгенін мәлімдеді. «Үкім сіздің ар-ұжданыңызға нұқсан келтірді деп есептесеңіз, арыз жазыңыз», — деген кеңес берді судья. Наразылық білдірген ер азамат облыстық сот төрағасы мен Жоғарғы сотқа арызданғанын айтты.