«Алматы Барысы» – Руслан Әбдіразақов қазақ күресінің брендіне айналған есімдердің бірі. Бәйгеге таяқ тастам қалғанда жолы болмай жүрген Руслан бұл жолы да ағасының жағасынан алмады.  Қазақылық әдепті сақтаған ер мінезді палуанның  Ұлан Рысқұл ағасына жол бере салғанын көзқарақты көрермен түсінді. Ол «Қазақстан барысы» турнирінде осымен екінші рет ағасымен бозкілемде жолықты. Руслан  juldyz.kz сайтының тілшісіне алдағы жоспарымен бөліскен еді.

Руслан Әбдіразақов, палуан:  Негізі осы 7-ші рет ұйымдастырылған   «Қазақстан барысы» туринирінде туған ағам Улан Рысқұлмен кездеспесем екен деп тіледім. Бірақ та боз кілемде кездестік. Бірінші белдесуде де кезескім келмеген жерлесім Дәурен Нұралиновпен күрестім. Сосын ағаммен күш сынасуға  тура келді. Бұл турнир әттегені-ай көп жарыс болды. Ұланмен финалда кездессек күресер едім.  Осы айдың 28-де «Әлем барысына» іріктеу басталады. Соған дайындықты бастаймыз. Сол іріктеуден өтіп «Әлем барысына» қатысуды жоспарлап отырмын. Осы жолы Еламан ініміз жеңімпаз атанды. Мен оны жақсы білем. Еңбекқор жігіт. Қызылорда облысының атынан 11 жыл күрестім.Сондықтан оны кішкентайынан білем. Көз алдымда өскен палуан десемде болады. Талай жыл іні болып жүрген. Дзюдомен де жақсы айналысып жүр. Өткенде Ислам ойындарында үшінші орын алған.

Пікір қосу