Ресей президенті Владимир Путин Ембі полигонын жалға алу туралы Қазақстанмен 1990-жылдардың ортасында жасалған келісімді тоқтату туралы хаттаманы бекітті. Хаттама ресейлік әскер пайдаланған 300 гектардан астам жерді, сонымен бірге полигонның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін Қазақстанға қайтаруды қарастырады. Полигонда зенитті зымыран кешендерінің, зымыранға қарсы жүйесінің, шұғыл тактикалық зымырандарының сынақтары, сонымен бірге әскер жаттығулары өткізіліп келді.Ресейлік РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полигонды жалға алуды тоқтату арқылы Ресей жылына жүз мыңдаған доллар үнемдейді.

Дерекөз: centralasian

Пікір қосу