Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың балдызы Акбарәлі Абдуллаев қысқа мерзімде Украинада босқын мәртебесін алды. 32-жастағы Акбарәлі Абдуллаев Ислам Каримовтың әйелі Татьяна Кәрімованың жиені. Киев оны 14 маусым күні-ақ саяси босқын деп тағын. Бұл туралы juldyz.kz centre1.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан жағы тұңғыш президенттернің туысқанына милиондаған мемлекет қаражатын ұрлады деген айып тағып отыр. 18 жасынан бастап Фергана жазирасындағы ірі кәсіпорындардың көлеңкелі директоры болған. Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше А. Абдуллаев 262 млрд 480 млн 393 мың 106 сум, 195 млн 290 мың 103,7 АҚШ доллары, 271 мың 602 евро, 77,4 млн швейцарлық франк және 200 мың латвиялық латты жымқырған.
Айта кетейік, Акбарәлі Абдуллаев 14 қаңтарда Киевтегі «Жуляны» халықаралық әуежайында ұсталған. Интерполды іздеуінде болғасын шекарашылар Абдуллаевты халықаралық іздеуде болғанына байланысты тоқтатылып, қамауға алынған болатын.