Жуырда америкалық patch.com интернет-басылымға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев туралы мақала шықты. Мақала авторы Джон Уилсон. Біз мақаланың аудармасын назарларыңызға ұсынамыз.
Нұрәли Әлиев Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет, нарықты экономикаға өту туралы әңгіме қозғалғанда ауызға ілігенде аса белгілі һәм танымал есім. Шыққан тегі қазақ Әлиев Қазақстандағы бірнеше IT бағдарламаларының жетістікке жетуіне маңызды роль атқарған.Сондай-ақ,бірнеше ұйымдар мен мекемелерді басқарған ол экономиканың дамуына зор үлес қосты. Бұл адамның өмір жолы қарапайым басталды. Көптеген адамдар сияқты жетістікке өз күшімен жеткен Нұрәли Әлиев қарапайым мектеп пен университетте оқыған. Қаржы және маркетинг саласында білім алған Әлиев бірден өз бағыт-бағдарын анық түсініп, тәжірбие жинау үшін қиын жағдайдағы елінің экономикасына жәрдемдесу үшін белсенді жұмыс жасай бастайды. Нұрәли Әлиев кәсіби жолын Франциядағы Халықаралық сауда бөлімінде стажор болып жұмысқа кіріседі. Сол жерде қант саудасы жайлы біле бастады.
«Бұл менің университеттен кейінгі бірінші жұмыс орным еді. Францияда жинаған тәжірбием қарапайым салалардағы халықаралық саудаданың принцептерін түсінуге көмек берді», — деді Әлиев.
Бірнеше елден тәжірбие жинаған Н. Әлиев Қазақстан экономикасын күшейту үшін еліне оралады.
«Елдегі қиын жағдай экономиканың құлдырауына әкеп соқты. Сондықтан экономиканың дамуының жаңа жолын зерттеп, іздей бастадым», -деп еске алады Әлиев.
Жас маман Қант орталығына жетекшілік етіп, компаниясын мол табысқа кенелткен. «Қант орталығы» республикадағы қант өнеркәсібінің 90 пайызын игереді. Нұрәли Әлиев бұнымен тоқтамай Қазақстан экономикасын көтеру мақсатында ізденісін тоқтатпайды. Әлиев венчурлік компания құрып, экономиканың түрлі саласын қаржыландыра бастайды. Әлиевтың холдингі ақшаны алтын, күміс, телекоммуникация, жылжымайтын мүлік, мейманхана бизнесі мен БАҚ да салады.
«Біз инвестиция салып жатқан салалар еліміздің жастарын еңбекпен қамтамасыз етеді», — дейді ол.
Ивестициялық жобалармен қатар Әлиев «Нұрбанк», «ТрансТелеКом», Қазақстан даму банкінде де шаруалары бар. Астана қаласы әкімінің орынбасары кезінде Елорданың индустриалды-инновациалық саласына инвесторларды тартуда біршама жұмыстарды атқарды. Әлиев өзі бағындырған биіктерде қалып қойған жоқ. Себебі ол өз отандастарына жайлы экономикалық ахуал орнатуды мақсат тұтқан-ды.
«Төмен жалақы, бағалардың өсуі, жұмысқа орналасудың қиындықтары қашанда тығырыққа тірейді.Қазақстан дәртүрлі өмір сүру салтына иек арта алмайды. Технологиялық даму, сан бағытты ұстанған бизнес орталықтар қазақ халқын өздеріне ұнайтын түрлі даму жолдарынына бағыттап жіберетін болады», — деді Әлиев.
Осындай экономкиалық саясат Нұрәли Әлиевке халықаралық танымалдылық әпереді. Қазақстанның игілігі үшін еңбек етіп жатқан Нұрәли әрбір адамға үлгі болуы тиіс.
ол оқымай кім оқиды? ол бармағанда кім барады шетелге?
қысқасы, Н.Алиевты жер-көкке сыйғызбай мақтапты… тек сол ақылды, тек сол жанашыр… бұл мақтаудың артын преемник през.келіп тіреп қойғандай ((