Актерлар Аружан Жазылбекова («Анаға апарар жол») және Данияр Алшынов («Барлығы еркектердің кесірінен») Асқар Бисембиннің жаңа комедиялық таспасына түседі. Фильм атауы әзірге құпия ұсталуда. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.
Актер өзінің рөлі және фильм туралы Brod.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді:
«Мен Асқар Бисембиннің жаңа фильмінде басты кейіпкерді сомдаймын. Бұл менің басты рөлдегі дебютім болмақ. Картина – үйлену тойы немесе Наурыз туралы емес. Бұл мүлдем басқа кино. Фильмде қазақ ділі қозғалады. Маған идея мен кейіпкер ұнап қалды. Сондықтан, түсірілімге қуана келістім».
Режиссердің айтуынша, комедияның актерлік құрамы 90%-ға белгілі. Дегенмен, эпизодтық рөлдерге актерларды таңдау үшін кастинг өткізіледі екен.
Айта кетейік, Асқар Бисембин «Адель», «Үшеуге арналған үйлену тойы», «30-да күйеуге шығу» және «Наурыз.kz» картиналарын түсірген.