Әнші Нұрболат Абдуллин отандық «Көзайым» телехикаясының жалғасында тағы да басты рөлді сомдамақ. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Алдағы уақытта Нұрболат Абдуллин өнердегі досы, әріптесі Әбдіжаппар Әлқожамен дуэт жазбақ. Қазіргі таңда ән таңдау үстінде. Сондай-ақ, ол «Вальс» әніне жаңа бейнебаян түсірмек.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин «Көзайым» телехикаясының алғашқы маусымында Сұлтан рөлін сомдаған болатын.

Пікір қосу