Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотында «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы Жанболат Мамайды ұрып-соғу фактісі бойынша іс қаралды. Сотқа Журналисттің адвокаты Жанар Балғабаева жүгінген. Адвокат тергеушілер Ж. Мамайдың шағымын дұрыс қарамағандығын айтады. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Белгілі журналсит, қоғам қайраткері Жанболат Мамай ақпанның 10 күні қамалған болатын. Оған «БТА банктен» Мұхтар Әблязов басқарған кезде ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деген айып тағылған болатын. Ақпан айының 21 күні БАҚ-да Ж. Мамайға түрмеде қысым жасалды деген ақпарат тараған еді. «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат берген әріптесіміз адвокаты таратқан ақпаратты растаған.

Жанболат Мамай: «Алғашында мені (тергеу изоляторы)СИ-18 түрмесінің 81-камерасына қамады. Бұл карантин аймағы деп аталады, ол жерде заң бойына 15 тәулік ұстауы тиіс. Мені 4 күннен кейін 197-камераға ауыстырды. Келе сала маған ішіндегілер ескертті: бұл – «қызыл» хата деп. Онда тек «қызылдар» отырады. Олар кімдер? Түрме әкімшілігіне жұмыс істейтін сотталғандар. Ол жерде режим деген жоқ. Қолдарында – телефон, түрме ішінде емін-еркін жүреді. Түрме әкімілігі «тапсырыстағы» адамдарды осыдай «қызыл» хатаға отырғызады. Адамдарды физикалық және психологиялық тұрғыда сындыру үшін. Ішінде 8 адам болды. Өз-өздерін ешкі, вазяный деп те атайды. Бірнеше рет ауыр қылмыстары үшін сотталған, өмірі әкімшілікке жұмыс істейді. Оларды бірге бір камерада ұстайды. Егер жеке-жеке басқа камерларға отырғызса «қызылдарды» талап жейді. Талайына тізесі батқан, ұрып-соққан, зорлық-зомбылық көрсеткен қаніпезлер. 3 күн бойы маған қысым болған жоқ. Барлығы дүйсенбіде басталды. Кенеттен сол камераның «қараушысы» шақырып, бір тәулікте 200 мың теңге төлеуді және әкімшілікке  қиналғанымды, қателескенімді айтып, жалынуымды сұрады. Әрине, бас тарттым. Бірден 6 адам жабылды. 3-уі ұрған соң құладым. Үстіме суық су шашты. Есімді жидым. Қарасам хлор салып бір шелек су дайындап жатыр. Соған батырмақ. Оған батырса адам есінен танады. Артынан унитаздың суына батырамыз деді. Әрине, айтқандарын орындаймын деп құтылдым. Телефон берді. Үйге  звондап ақша дайындаңдар дедім. Бар мүмкіндігім уақыт созып, таңертең келуі тиіс қорғаушыма бәрін айту болды. Ертеңгісіне аман жетіп, адвокатыма бәрін баяндап бердім. Ары қарай жағдайдың қалай болғанын білесіздер. Сонда да, екі күн сол камерадан ауыстырмай, тек құқық қорғаушылар келген соң басқа камераға ауыстырды. Маған бір нәрсе айқын: мұның артында билік тұр. Мақсаты – мені сындыру, позициямнан тайдыру. Бұл операцияны жүргізгендер СИ-18 басшысы Баймағанбетов, ал «қызылдар» тек орындаушы ғана.»

Тұтқындағы журналисттың  жұбайы Инга Иманбайдың айтуынша, Жанболаттың Баймағанбетовтың үстінен шағымданған істі тергеуші   Мақсат Құрманбаев қарағанымен көп фактілерді бүркеген.  Бүгінгі өткен сот процесі жабық түрде өтті. Сот отырысы ертең сағат 14-30 жалғасады.

 

1 пікір

Пікір қосу