Мәскеу әскери күшін Украинаның шығысынан алып кетпейінше, Ресейге қатысты америкалық санкциялар күшінде қала береді. Осылай деп Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер брифингте мәлімдеді. Осының алдында Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Петр Порошенкомен кездескен. Олар Донбастағы жанжалды бейбіт жолмен реттеуге қатысты сөйлескен. Бұл туралы juldyz.kz centralasian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін сейсенбі күні АҚШ-тың қаржы министрлігі жаңа санкциялық тізімді жариялаған. Оған Ресейдің бірқатар компаниялары енген. Шектеу сонымен бірге өздерін өздері жариялаған ДХР, ЛХР мен Қырымның бірнеше банктеріне қойылған.Дүйсенбі күні Конгрестің өкілдер палатасы халықаралық істер жөніндегі комитетке Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуына байланысты жаңа санкциялар салу жөнінде заң жобасын жіберген. Құжатты өткен аптада сенат қабылдаған. Жаңадан енгізілетін шектеулерге Ресейдің көлік және мұнай компаниялары енуі мүмкін.