Белгілі айтыскер Сырым Әуезхан әке атанды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Қуанышты жаңалығымен айтыскер ақын әлеуметтік парақшасында бөлісті.
«Сүйінші! Қазақтың саны тағы бір ер-азаматқа көбейді! Алланың сыйы берекелі болды! Қызық болды. Толғағы ұзақ уақыт келіншегіме көмек болар деп Жандарбек Бұлғақов ағам, жеңгеммен Мұxаммед пайғамбар с.ғ.с. Ұнатқан әжуа деген құрма апарып беріпті. Құрма толғақты жеделдетіп, босануды жеңілдетеді екен. Мен, бейшара, оны білмеппін. Содан, «әжуа» деген құрманы берген Жандарбек ағам «әжуаны жеген соң босанды ғой, атын «Әжуа» деп қой» қалжыңдады. Әжуа десек, елдің бәрі әжуалап жүрер деп әзер тоқтаттық. Қысқасы, айтып жеткізгісіз қуаныштамын! Құттықтаулардың бәріне раxмет!»,- деп өз парақшасында жариялады.
Сондай-ақ, Сырымның әріптестері бүлдіршіннің бауы берік болуын тілеп, ақ тілектерін жаудырды.