Қырғыз Республикасының «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев президенттік сайлауға қатысатын болды. Абақтыдағы саясаткер өзін-өзі ұсынған. Бұл туралы партияның саяси кеңесінің мүшесі Әсия Сасықбаева 24.kg сайтына хабарлаған.
2017 жылыдың 5 наурызында «Ата Мекен» алдағы президенттік сайлауға Ө. Текебаевтың кандидатурасын ұсынған. Алайда, конституциялық құқығын пайдаланған Ө. Текебаев саяси науқанға партиясынның атынан барудан бас тартқан. Оның жақтастарының пікірінше, Ө. Текебаев тек қана бір саяси ұйымның жееткшісі емес. Ұлттық масштабтағы көшбасшы. Заңгер Қанатбек Азиздың сөзінше, Ө. Текебаевтың тергеу абақтысында болуы оның сайлауға қатысуына кедергі болмайды. Сондай-ақ, заңгер Орталық сайлау комиссиясынан Ө. Текебаевтың тіркеу туралы құжаттарын алғандығында жария етті. Бұған дейін президенттікке кандидат ретінде «Лига-Антикризис» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Назарбек Нышанов тіркелген. Сайлау туралы заңға сәйкес Текебаев тіркеу күніне дейін 1 миллион сом кепіл қаражатын өткізіп, 30 мың азаматтың қолын 50 күннің ішінде тапсыруы тиіс.
Қазір «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отыр. Оны «Мегаком» компаниясына қатысты іс бойынша пара алған деп айыптады. Саясаткер биыл 26 ақпанда тұтқындалған.